Бүгінгі күні еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған цирк мекемелерінің бірі Астана қаласында орналасқан.
«Таңшолпан» ұжымы мұндағы аюларға әдіс-тәсілдердің қалай үйретілетінін көріп қайтты.
Қоңыр аюдың қонжықтары елорда циркіне туған бетте әкелінген. Жастары - 1-2-де. Түз тағысы болғандықтан, тез өседі. Түрлі цирк әдістерін үйрету үшін печенье, қытырлақ нан беріледі. Олардың азығы - осы.
«Тамашалауға келгендер кейде қорқып жатады. Бірақ, бұл аюлар қолға үйретілгендіктен, ешкімге зиянын тигізбейді. Сондай-ақ, кез келген адамның айтқанын орындай бермейді. Олардың барлығына бірдей көңіл бөліп, бір мөлшерде тамақ беру қажет», дейді Астана циркінің әртісі Юрий Александров.
Қолға үйретілген қонжықтардың бірі «Васяның» «Қаражорға» биін және қол күресін «Таңшолпанан» тамашалаңыздар.