Астанадағы «Салтанат сарайында» Қазақ вальсінің І Халықаралық балы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Салтанат сарайында» Қазақ вальсінің І Халықаралық балы өтеді

11.12.2015
Астанадағы «Салтанат сарайында» Қазақ вальсінің І Халықаралық балы өтеді

Бүгін, сағат 19:30-да Астана қаласындағы «Салтанат сарайында» Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдығына орай, Қазақ вальсінің І Халықаралық балы өтеді.

Шара ұйымдастырушылары: Халықаралық G-Global хатшылығы, Қазақстанның еріктілер Альянсы ЗТБ, БҰҰ Даму бағдарламасы және «Expo&Women» халықаралық ұйымы.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы рет дебютанттар «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына және Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың жанды дауысына вальс билейді.

Кеш қонақтары ретінде Халықаралық ұйымдардың дипломатиялық корпустар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Балға дебютанттар ретінде EXPO-2017 көрмесінің еріктілері мен супервайзерлері қатыспақ.

2016 жылы Балл Астана күнін атап өту барысында ашық аспан аясында, ал, 2017 жылы Астана EXPO-2017 Халықаралық көрмесі аймағында өтеді деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу