Шон Стайл: Қазақ халқына кең жүректілігі үшін отбасымның атынан алғыс білдіремін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шон Стайл: Қазақ халқына кең жүректілігі үшін отбасымның атынан алғыс білдіремін (ВИДЕО)

01.03.2016
Шон Стайл: Қазақ халқына кең жүректілігі үшін отбасымның атынан алғыс білдіремін (ВИДЕО)

«Сізге бүгінгі Алғыс айту күнінде мөлдір махаббат, ыстық сезім, жылулық пен шапағат тілеймін». Дәл осындай жылы лебіздерге толы ашық хаттар АҚШ-та Алғыс айту күніне арнайы әзірленеді. Себебі, бұл мейрам -америкалықтар мен канадалықтар үшін ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі.

АҚШ-та бұл күн қараша айының соңғы бейсенбісінде тойланса, Канадада қазан айының екінші бейсенбісінде аталып өтеді.

Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайл бүгінде Астана қаласында тұрады. Алғыс айту күнін отбасымен қазан айында да, 1 наурызда да тойлайды. Қазақ елін қонақжайлылығы мен дархандығы үшін құрметтейтін елшінің айтар алғысы да шексіз.

«Қазақстанда бұл  мейрамға айрықша көңіл бөлінетініне қуанамын. Енді Алғыс айту күнін жылына екі рет атап өтеміз. Қазақ елі мен Канада арасында мызғымас достық пен татулық бар. Сіздердің осындай кең жүректіліктеріңізге отбасымның атынан алғыс білдіремін», дейді Шон Стайл.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу