Алғыс айтуға арналған сайт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғыс айтуға арналған сайт ашылды

01.03.2016
Алғыс айтуға арналған сайт ашылды

1 наурыз Алғыс айту күніне арналған интернеттің қазақстандық сегментінде Raqmеt.kz атты жаңа сайт ашылды. Бұл сайтқа тіркелушілер кез келген тақырыпта, кез келген адамға ризашылықтарын білдіре алады.

Қазір қазақ тілінде жазатын блогерлердің басын қосқан Керекинфо блог плафтормасына тіркелген 4 мыңнан астам блогердің бірқатары Raqmеt.kz сайтында өз тілектерін қалдырып үлгерген. Мұнда кез келген адамға, қоғамға, тіпті компания мен жансыз дүниеге де алғыс білдіруге болады. Ашылғанына бір күн болмаса да сайтқа жүзге жуық адам тілек қалдырған.

Олардың арасында Смағұл Сәдуақасов, Жұмабек Тәшенов сынды қайраткерлерге, «Жас Отан» жастар қанаты тәрізді қоғамдық ұйымдарға, «Ақтөбе» футбол клубы тәрізді командаларға да ризашылық білдіріп жатқандар бар. Сонымен қатар, атажұртқа оралған барлық қандастардың атынан барша қазақ халқына арналған алғыс та жарияланды.

Хабарламаларға жазылу