NASA астрономдары Дэвид Толен, Скотт Шеппард және Чад Трухильо Күн жүйесінен жаңа кішкентай планетаны анықтады. 2015 KH162 атауына ие болған аспан денесі Күннен 9,3 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, бұл планета Плутоннан екі есе әрі тұр.
2015 KH162 планетасының диаметрі – 400-ден 800 шақырымға дейін созылады. Оның Күнді бір айналып шығуына жарты мың жыл уақыт кетеді екен. Аспан денесі Гавай аралдарында орналасқан Кек телескопы арқылы анықталған.
Айта кету керек, Халықаралық астрономиялық одақ ресми түрде 5 кішкентай планета барын растайды.
Дереккөзі: hi-news.ru