Астрономдар біздің галактиканың басқа ғалактиканы жұтып қойғанын анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрономдар біздің галактиканың басқа ғалактиканы жұтып қойғанын анықтады

02.11.2018

Астрономдар біздің галактиканың осыдан 10 миллиард жыл бұрын басқа галактиканы жұтып қойғанын анықтады. Сондықтан, ғалымдар Құс жолын «каннибал» деп атап отыр. Өйткені, ол көптеген ергежейлі жұлдыздар шоғырын өзіне тартып алып, соның есебінен кеңейіп отырған. Мұны Нью-Йорктегі Колумбия университетінің астрономы Кэтрин Джон мәлімдеді. Оның сөзінше, Құс жолындағы 33 мың жұлдыз тысқары кеңістікте туған және олардың қозғалысы өзгелерінен ерекшелеу. Бұны дәлелдеу үшін мамандар «Гайа» атты ғарыштық телескопты қолданыпты.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу