Астанада сайлауды ұйымдастыру мәселесіне қатысты семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сайлауды ұйымдастыру мәселесіне қатысты семинар өтті

26.02.2016
Астанада сайлауды ұйымдастыру мәселесіне қатысты  семинар өтті

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері ретінде іс-шараға ҚР ОСК төрағасының орынбасары В.К.Фоос, ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаев, сондай-ақ ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М.Б. Мұхаметова қатысты, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

«Үйлесімді бірлескен жұмыс сайлау заңнамасы нормаларының сақталуының немесе олардың бұзылуына уақтылы және жедел ден қоюдың міндетті шарты. Үгіт кезеңінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу жан-жақты болуы тиіс. Оны сайлау органдары, байқаушылар мен сайлауалды шараға қатысушылар жүргізеді. Сайлаудың легитимділігін қамтамасыз ету, яғни сайлау заңнамасының талаптарына және халықаралық жалпыға бірдей қағидаттарға сәйкес әділ және транспарентті сайлау науқанын өткізу - біздің негізгі міндетіміз» - деді В.К. Фоос өзінің сөйлеген сөзінде.

Іс-шара шеңберінде сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды.

Хабарламаларға жазылу