Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінен хабарланды.
«Fly Egypt» әуе компаниясы да биыл наурыз айынан бастап аптасына екі рет Қазақстанға тұрақты әуе рейсін жүзеге асыруды көздеп отыр. Әуе компаниясы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Азаматтық авиация комитеті 30 күннің ішінде рұқсат беретін болады.
Қазақстан мен Египет арасында тұрақты әуе байланысын ашу мәселесін шешу үшін ҚР Инвестициялар және даму минитстрлігінің өкілдері Египеттің авиациялық қауіпсіздік, қазақстандық туристік қауымдастық қызметкерлерімен бірге инспекциялық тексеру жүргізді. Шарм-эль-Шейх қаласының (Египет) халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік жүйесін шолу қорытындысы бойынша оң тұжырым берілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 31 қазанда Египетте ресейлік ұшақтың апатынан кейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Египет әуе компанияларының Қазақстанға және қазақстандық әуе компанияларының Египетке ұшуын уақытша тоқтату туралы ұсыныс берген болатын.