Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады
Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады. Президент контейнерлік тасымалдау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналатын компанияның Қазақстан нарығындағы қызметіне жоғары баға беріп, бүгінде Орта дәлізді дамыту еліміз үшін стратегиялық басымдық саналатынын атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптап, мұның жүк тасымалына айтарлықтай ықпал ететінін айтты. Ұзақ мерзімді инвестициялық жоспар бойынша компания логистикалық терминалдарға, темір жол активтеріне, порт инфрақұрылымына және теңіз қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстандағы әуе арқылы жүк тасымалына қаржы құюды қарастырып отыр.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10