Қазақстан-Бельгия: Құны 12 млрд болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында құны 12 млрд доллардан асатын коммерциялық құжаттар мен меморандумға қол қойылды. Президент Еуропалық Одаққа мүше елдердің бизнес өкілдері бас қосқан «Қазақстан – Еуропалық Одақ» жиынына қатысып, Қазақстанның мүмкіндіктері талқыланды. Жемісті жобалар да аз емес. Толықтырып Брюссельден Раушан Сайлауқызы баяндайды.
Қазақстанға шет елден тікелей тартылған инвестицияның жартысы Еуропа Одағы елдеріне тиесілі. Елімізде 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істейді. Ендігі меже Қазақстан еуропалық инвесторлардың жаңа буынын қуана қарсы алуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз инфрақұрылымға, атап айтқанда, мыңдаған шақырым темір жол салуға және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Бұл күш-жігеріміз Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен үйлесіп, Орта дәлізді еуразиялық қауіпсіз байланысқа арналған негізгі әрі орнықты магистральға айналдырады.
Қазақстан – аса маңызды минералдарға бай ел. Сондықтан осы бағытта Еуропаға сенімді серіктес бола алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Қазақстан аумағында литий, никель, ванадий және кобальттың әлі игерілмеген мол қоры бар.
Паул Пиантино, кәсіпкер:
Жезқазған сирек металдар кәсіпорны мен Аустрияның РNP компаниясы арасында келісім жасалды. Яғни күкірт қышқылын қалпына келтіру және өндіру зауыты салынады. Ол түрлі металдарды өңдеуде, химиялық өнімдерді өндіруде қолданылады.
Тор Стадиль, Thornico компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:
Жұмыртқа саласына қатысты барлық бағытты қамтимыз. Өңдеу, қажетті жабдықтармен қамту. Бүгінгі келісім аясында Қазақстанда жұмыртқа зауытын саламыз.
Президент еуропалық серіктестерді мал шаруашылығы, астық дақылдарының селекциясы, жер игерудің дәлме-дәл технологиясы және топырақ құнарын арттыру секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырды. Сонымен қатар еуропалық бизнес өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Осы сапар аясында құны 12 млрд доллар болатын коммерциялық құжатқа қойды.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Криштиану Роналду дубль істеді
24.06.2026, 11:49
Оңтүстік Кореяның танымал актерлары Алматыға арнайы келді
24.06.2026, 10:09
«Айбын» әскери ойындары жалғасып жатыр
24.06.2026, 10:08
Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады
24.06.2026, 10:07
Inditex Group компаниясы еліміздегі қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр
24.06.2026, 10:06
Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесу өткізді
24.06.2026, 10:05
Мемлекет басшысы Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасымен кездесті
24.06.2026, 10:05
Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті
24.06.2026, 10:03