Оның айтуынша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 19 ақпанында партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады.
«ОСК осы уақыт аралығында 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың 187-і немесе 79,9 пайызы ер адам және 47-і немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі – инженер, әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.
Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52, олардың ең жасы 26-да.