Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» эпопеясы жыл кітабы деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» эпопеясы жыл кітабы деп танылды

19.02.2016
Ілияс Есенберлиннің  «Көшпенділер» эпопеясы жыл кітабы деп танылды

Өткен жылы қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толды. Оған қоса республикалық деңгейдегі «Бір ел - бір кітап» атты акцияда жазушының «Көшпенділер» шығармасы жыл кітабы деп танылған. Осыған орай  Алматыдағы колледждердің бірінде жастар ақынның қызы Дильфруза Ілиясқызымен кездесу өткізді,-деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Жиын барысында Ілияс ағамыздың қызы әкесінің өмірінен сыр шертіп, көпке беймәлім қырларын айтып берді. Көзі қарақты оқырман үшін Ілияс Есенберлиннің шығармалары бір төбе. Жазушының көзін көргендер оның адамгершілік пен ерекше отансүйгіштік қасиетін емірене еске алады. Қазақ әдебиетіне Ілияс Есенберлин ерекше серпін мен жаңашылдық алып келді. Ел тарихындағы ең даулы кезеңдерді жазу - бұл үлкен ұлтжандылық пен жүректілік. Оқу орнының орыс бөлімі студенттері Дильфруза Ілиясқызына қазақ тілінде жалынды жырлар оқып, өнерлерін көрсетті.

«Әкемнің жүрегі кең азамат еді. Ылғи қолы жылы болып жүретін. Бұл оның адалдығының белгісі деп білемін. Қаншама қиындық көрсе де, еш мойымайтын қасиетін мен өзімнің бойымнан байқаймын. Анам естелік ретінде күнделік жазып кетті»,- деді Ілияс Есенберлиннің қызы Дильфруза Есенберлина.

 

Хабарламаларға жазылу