Астана әкімдігі көктемде қардың еруінен пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігі көктемде қардың еруінен пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындалып жатыр

15.02.2016
Астана әкімдігі көктемде қардың еруінен пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындалып жатыр

Қазіргі кезде көктемде еріген сулармен жұмыстың қалалық кешенді жоспар әзірленді. 3 ақпаннан бастап әкімнің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, қажетті іс-шараларға дайындық басталып кетті.

Сонымен қатар, қаланы механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары да коммуналдық қызметтердің тұрақты бақылауында. Күн сайын магистральды көшелер, жолдардың жүретін бөліктері мен аула аумақтары арнайы кесте бойынша қардан тазартылады. Жұмыстар екі ауысыммен, сондай-ақ түнде де жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы қала аумағынан 2 млн. текше метр қар шығарылды. Жалпы жиналған аумақ көлемі 7,6 млн. шаршы м. құрады, соның ішінде қаланың 1 000 км артық көше-жол желісі механикаландырылған жолмен жиналды.

«Биыл нормадан артық қар түсті, сондықтан әрбір учаскеде тұрақты бақылау жүргізу керек. Қардың еруінен пайда болған сумен жұмысты жүзеге асыруға дайын болған жөн», - деді қала әкімі.

Қазіргі кезде қалада су басу қаупі бар 35 бөлік анықталды. Олардың әрқайсысы бақылауға алынды.  Есіл, Нұра және Ақбұлақ өзендерінің арнасындағы су тасқыны жағдайларын гидрологиялық бақылау бекеттерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Отырыс барысында ТЖ департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев су тасқынына байланысты орын алатын ТЖ жою үшін 309 адамнан, 49 бірлік техникадан, 12 жүзу құралы мен бір тікұшақтан тұратын топ құрылғанын баяндады. Қажет болған жағдайда 125 адамнан және 48 бірлік техникадан тұратын жедел әрекет ету отряды тартылмақ.

Хабарламаларға жазылу