Хорватияның бірнеше қаласында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияның бірнеше қаласында төтенше жағдай жарияланды

20.03.2018

Хорватияның орталық бөліктерінде алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірнеше қалада төтенше жағдай жарияланған.

Топаннан, әсіресе, Ясеновац шаһары мен оған жақын аудандар зардап шегіп отыр. Мұндағы Сава өзеніндегі судың деңгейі бір метрге дерлік көтерілген. Сонымен қатар, бірнеше елді мекен жарықсыз қалып, жолдар шайылды. Апатпен күреске аймаққа 200 шақты сарбаз жіберілді. Олар құм толтырылған қаптармен үйлерді қоршап жатыр.

Су тасқыны қардың еруінен және соңғы күндері тоқтаусыз жауған жаңбыр кесірінен басталды. Бұл аздай, алдағы уақытта өңірде лай көшкіні жүруі мүмкін.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу