Елордада «AIAS-2014» көрмесі ұйымдастырылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «AIAS-2014» көрмесі ұйымдастырылды (ФОТО)

11.10.2014
Елордада «AIAS-2014» көрмесі ұйымдастырылды (ФОТО)

Елордада «ExpoGroup» компаниясы «Astana International Auto Salon - 2014» атты  II  Халықаралық автокөлік көрмесін ұйымдастырылды.

«AIAS-2014» көрмесінде MITSUBISHI, RENAULT, JEEP, Volkswagen, MASERATI, SsangYong, Peugeot, IVECO, Hyundai, Lada, SKODA, KIA, CHEVROLET секілді брендтер мен отандық автомобиль жетістіктері ұсынылды. Елбасының қолтаңбасы қойылған Қостанайда құрастырылған отандық SsangYong маркалы автокөлігі көрмеде өз орнын айқындап тұр.

Жұрт назарына жаңа автомобильдер ұсынылды. «EXPO-2017» көрмесінде «Болашақ энергиясы » тақырыбындағы «Жасыл» технологияны сақтай отырып, электр көлігі мен гибридті автомобильдерді өз қатарына қосты.

Қатысушы-компаниялар мен ұйымдастырушылар  түрлі акция өткізуде. Көрме  автонесиелендіру және автосақтандыруды, ұсынатын еліміздің жетекші қаржы институттары мен банктерінің назарын өзіне  аударып отыр.

Хабарламаларға жазылу