«Бүгін жексенбіде» - Бағлан Әбдірайымов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбіде» - Бағлан Әбдірайымов

14.02.2016
«Бүгін жексенбіде» - Бағлан Әбдірайымов

«Аманат» фильмі «Оскарға» үмітті. Осыған орай, бүгін «Бүгін жексенбі» бағдарламасында киносыншы Әсия Бағдәулет қонақта. Сондай-ақ, студия фильм режиссері Сатыбалды Нарымбетовпен скайп арқылы байланысқа шықпақ.

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жуырда ғана құрған «Аманат» тобы да бүгін студияда қонақта болмақ. Топтың ерекшелігі сол, олар тек домбырамен әрі табиғи дауыста ән шырқайды.

Ғаламшарлар туралы ел біле бермейтін қызықты деректер, елордадағы тұңғыш қуыршақтар фестивалі, адам миының мүмкіндіктері, жарнаманың құпиясы және  өзге де қызықты деректер туралы бүгін 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу