Қамшыгерлік қандай өнер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамшыгерлік қандай өнер?

17.03.2014
Қамшыгерлік қандай өнер?

Қамшы арқылы жауынан қорғанатын немесе жайратып салатын адамды – қамшыгер дейді. Қамшыгерлік - адам бойындағы ептілік, дәлдік, жылдамдықпен бірге жүректілік қыры көрінетін өнер.

 

 
Билік айтқан бабаларымыз сөз бастарда алдымен қамшысын ортаға тастап барып, ойындағысын айтқан. Осының өзінен-ақ қамшының қадір-қасиеті байқалып тұр.
 
Рахматулла Қапсаттарұлы қазақтың қолөнер бұйымдарын жасайтын шебер.  Әсіресе, қамшы өрудің қыр-сырын жетік меңгерген. Төрт таспадан бастап, он екі таспаға дейінгі қамшыларды түрлі тәсілдермен өреді.
 
Оған бұл өнер әкесінен дарыған екен. Балалық шағы ұстаханада өткен шебер бүгінде тек қамшы өріп қоймайды, ұлттық саз аспаптарын жасаумен де айналысады. Шебердің басқа да қолөнер бұйымдары туралы толық мәліметті «Таңшолпанның» сюжетінен біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу