Абай қорық-мұражайы мен ағайынды Гримм музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай қорық-мұражайы мен ағайынды Гримм музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

12.02.2016
Абай қорық-мұражайы мен ағайынды Гримм музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Шығыс Қазақстан облысы музейлері қызметкерлерінің кездесуінде бүгінгі музейлер қызметіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, жалпы әлемдік музейлердің тәжірибесі жөніндегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Шараның құрметті қонақтарының бірі ICOM-ның әдеби және музыка музейлер комитетінің (ICLM) вице-президенті, ағайынды Гриммдер әдеби музейінің (Кассель қ., Германия) директоры Бернард Лауэр болды. Іс-шара барысында қазақстандық қорық-мұражайдың жетекшісі Б.Жүнісбеков және неміс музейінің директоры екі мекеме арасындағы шығармашылық байланысты нығайту мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды.


Абай қорық-мұражайының директоры өз сөзінде Абай Құнанбаев және ағайынды Гриммдер сияқты әлемдік әдебиеттің көрнекті қайраткерлерінің әдеби мұрасының насихатталуы және сақталуына бағытталған екі мұражай ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталып өтті.


Семинарға қатысушы музей қызметкерлеріне Бернард Лауэр мырза «Ертегінің таңғажайып әлемі» көрмесі бойынша экскурсия жүргізіп, ағайынды Гриммдер бойынша көптеген мәліметтер берді.

Хабарламаларға жазылу