Дәстүрлі әншілер мен «Алатау» өнер театры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі әншілер мен «Алатау» өнер театры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

14.09.2017

Бүгін еліміздің әр аймағынан жиналған дәстүрлі әншілер мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашылғанына да бір жыл толды. Осыған орай, театр ұжымы жұмыстарын ілгерілетуді қолға алмақшы. Енді, елге белгілі әншілер осы жерде өздерінің шығармашылық кештерін өткізіп, дәстүрлі ән саласын дамытуға мүмкіндік алды. Оған барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, меморандумға қол қойған 19 өнерпаз осы жерде шәкірт тәрбиелеп, арнайы үйірмелерді де жүргізсе болады.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу