Ынтымақтастық меморандумы бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ынтымақтастық меморандумы бекіді

03.07.2014
Ынтымақтастық меморандумы бекіді

Астана күні  қарсаңында ашылған еліміздің Ұлттық музейі шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орната бастады. Бүгін музей басшылығы Ресейдің екі бірдей мұражайымен, Ресей этнографиялық музейі және  «РОСИЗО»  мемлекеттік музей-көрме орталығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес бұдан былай қазақ мұражайы көрші елдің мәдени-тарихи орталықтарымен қарым-қатынасын нығайтып, бірлесіп жұмыс істейді.

Екі елде көрмелер ұйымдастырып, тарихи-мәдени жәдігерлермен таныстырмақ. Сондай-ақ бүгін ұлттық музейде халықаралық симпозуим өтті.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

Бұл бірлескен ғылыми зерттеу жүргізуімізге және бірлескен кітаптар, басқа да басылымдар шығаруымызға  мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз болашақта көрмемен алмасамыз.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу