Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға жетті

24.04.2016
Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға жетті

Эквадор президенті Рафаэль Корреа тербелісі 7,8 балл болған жойқын жер сілкінісінің құрбандар саны 646 адамға өскенін хабарлады, деп жазады Gazeta.ru.

Тағы 130 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Президент сондай-ақ, 12,5 мың адам жарақаттанғанын айтты.

Шұғыл қызметтердің мәліметтері бойынша, зілзала салдарынан 7 мыңға жуық ғимарат қираған, 2,7 мыңы бүлінген. Ел аумағы бөлігінде төтенше жағдай жарияланды. 

Хабарламаларға жазылу