«Бұл – қазіргі қазақи салт-санаға бейімдеп, қазақ дәстүрін сақтауға негізделген дүниелер. 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған. Абай өлеңдеріне жеке кітап арнадық. Себебі, Абайды әр бала жатқа тануы керек. Абай идеясы балаларға қонуы қажет»,-дейді Қанатхан Әбілғалиұлы.
Оразбек Сапархан: «Біз Қанатхан ағамызға көмектесіп, кітаптарды редакторлауға, техникалық жағына қолғабыс еттік. »,-дейді.
«Ақылды қалам арқылы кітапты тануға болады. Бала қаламды кітаптағы суретке бір рет шерткенде суретті атайды, екінші рет шерткенде сөз тіркесін құрайды. Ал, үшінші рет шерткенде сөйлем құрайды. Мысалы, «алма», «қызыл алма», «Мына алма қып-қызыл екен», деген сияқты. Сондай-ақ, кітаптың ақ жерлеріне басса, қалам тақпақ айтып береді. Қаламның негізгі ерекшеліктері осы».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.