Астанада тәжiк-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тәжiк-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған шара өтті

07.04.2016
Астанада тәжiк-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған шара өтті
Тәжiк-ауған шекарасында ерлiкпен қаза тапқан 17 жауынгердiң ерлiгі ел есінде. Қанды шайқасқа биыл 21 жыл. Осы уақыт аралығында боздақ батырларымызды еске алып, тағзым етуге негізделген шаралар легі үзілген емес. Бүгінгі жиында да әскерилер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейiк, 1993-1999 жылдары Қазақстанның 2 мыңнан аса жауынгері одақтас елдердiң бiрлескен батальонында ТМД сыртқы шекараларын қорғау бойынша тәжiк-ауған шекарасында бiтiмгершiлiк мiндеттерiн атқарған еді.

Хабарламаларға жазылу