Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсетілді

08.04.2019

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақ сарбаздары ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Отан алдындағы әскери борышын жат жерде өтеп жүрген қандастарымыз лаңкестердің шабуылына тап болып, үлкен шайқасқа түскен. Дәл осы қақтығыста қазақстандық 17 сарбаз ерлікпен қаза тауып, тағы 30-дан астамы ауыр жараланған. Қарсыластардың күші басымырақ болғанымен, біздің әскер алдарына қойылған міндетті орындап шықты.

Мұхамедқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының орынбасары:

- Біз тәжік халқына көмек көрсеттік. Тәжік халқы ерлік көрсеткен біздің сарбаздарымызды ешқашан ұмытпайды. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу