Жандәулет Батай: Комедияны комедия деп ойламау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандәулет Батай: Комедияны комедия деп ойламау керек

08.02.2016
Жандәулет Батай: Комедияны комедия деп ойламау керек

Демалыс күндері Жан Батист Мольердің  Жорж Данден  немесе «Ақымақ болған басым-ай...» комедиясының премьерасы өткен болатын.

Қойылым турасында ойымен бөліскен Жандәулет  Батай: «Бір жұма бойы театрымызды түрлі премьералар қойылды. Нұрқанат  Жақыпбай  және Дәурен Серғазин режиссерлік еткен «Сұлу мен суретші»,  «Іздеп таптым сені» қойылымдары халық назарына ұсынылды. Кешегі өткен қойылымды халық жақсы қабылдаған сияқты. Бірақ, өз ішімізде жетпей жатқан дүниелер бар. Өйткені, қойылым алғаш рет қойылған кезде бабына келе қоймайды»,-дейді.

Комедия жанры қаншалықты қиын?

«Комедия трагедияға қарағанда қиындау. Мысалы, «Ақымақ болған басым-ай» қойылымындағы басты кейіпкер Жорж Данденнің басында болып жатқан оқиға өзі үшін трагедия. Ол іштей күйіп-жанып жүреді. Бірақ, оның ебедейсіз қылығы, әрекеттері, жанында жүрген жандардың оған жасаған әрекеттерінің барлығы сырт көзге комедия болып көрінеді. Комедияны – комедия деп ойламау керек»,-дейді Жандәулет Батай.

Ал, актриса Ғазиза Мұқан: «Негізі бұл спектакльді біз 2015 жылдың маусым айында Астана күніне арналған «Сахнадан сәлем!» атты III халықаралық театр фестивалінде қойған едік. Қойылымның айтар ойы – өмірде өз теңіңді тауып, бақытты ғұмыр кешудің өзі бақыт екенін түсіндіру. Жалпы, «Тең теңімен, тезек қабымен», дегенге саяды»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу