«Батыр из прошлого» фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыр из прошлого» фильмі көрерменге жол тартты

20.12.2023

«Батыр из прошлого» фильмі көрерменге жол тартты. Туындыда Алтын Орданың Елтебер есімді батыры 14 ғасырдан 21 ғасырға тап болады. Фантастикалық жанрда түсірілген комедия Tiger Films компаниясының 24-ші фильмі. Алматыда өткен кинокартинаның премьерасына әріптесерім қатысып қайтты.

Ғайыптан тайып 21 ғасырға тап болған Алтын Орданың батыры Елтебер өз дәуіріне кері қайтуға тырысқанымен, ол әрекетінен түк шықпайды. Түсірілім тобы осы арқылы қазақи құндылықтарға мән беруге тырысқандарын айтады.

Шолпан Қожабаева, Халықаралық «Көрме» компаниясының директоры:

Тарихи тұлғаларды жастар, кәдімгі қазіргі өскелең ұрпақ білуі керек. Қай жанрда болмасын, тарихи жанрда болсын өзіміздің тарихымызды осылай дәріптеп жарнамалап жүруіміз керек. Осылай фильмдерді қолдауға шешім қабылдадық.

Актерлар комедия жанрында түсіріліп жатқан фильмнің көрермен көңілінен шығарына сенімді. Себебі, әзіл арқылы салмақты ой айтылады дейді.

Олжас Әлжанов, актер:

Бұрынғы жігіттер қандай, қазіргі жігіттер қандай? Сол жерде сондай сахналар бар. Бұрында мысалы, бір сөзді алыптар, батырлар. Қазір кішкене майдаланып бара жатқаны барлығы кинода көрсетіледі.

Рамазан Амантай, актер:

Фантастикалық фильм. Айтары көп. Біздің бабаларымыздың ұрпағына айтқан сөздерін көрсететін фильм деп әдемілеп айтсақ та болатын шығар. 

Фильм еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі. «Tiger Films» компаниясы 2021 жылы толықметражды фильм түсіру мақсатында құрылған. Екі жылдың ішінде 20-дан аса кинокартинаны жарыққа шығарды. Келер жылы тағы 10-ға жуық жаңа туынды түсіруді жоспарлап отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу