Креативті индустрияны дамытатын уақыт келді – Н.Қоянбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Креативті индустрияны дамытатын уақыт келді – Н.Қоянбаев

28.12.2023

Қазақстандық кино өндірісін елдің жарнамасы ретінде пайдаланатын уақыт келді. Қазір көптеген ел фильмдерінде өздерінің отандық өнімдерін ғана пайдаланады. Сол сияқты біз де шетелге креативті инждустрияның арқасында таныла аламыз. Қазір әсіресе коммерциялық комедия жанрының аяқ алысы жақсы. Бәсеке де бар. Енді осы жетістігімізді дұрыс пайдалана білу керек, - дейді продюсер Нұрлан Қоянбаев.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

Көптеген комедия болсын, боевиктер, басқа жанрларда жеке компаниялардың кинолары болуы керек. Оған халықтың ақшасын жаратудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал мысалы, Ыбырай Алтынсарин, Абылай хан туралы сондай киноларға міндетті түрде Мәдениет министрлігі және бүкіл үкімет болып, халық болып ондай киноларға көп ақша бөлінуі керек. Ол киноны түсіре алатын мықты-мықты режиссерлер бізде бар.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу