«Бүгін жексенбіде» - егіз қыз-жігіттер қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбіде» - егіз қыз-жігіттер қонақта

07.02.2016
«Бүгін жексенбіде» - егіз қыз-жігіттер қонақта

Жексенбілік таңыңызды көтеріңкі көңіл-күймен бастайтын «Бүгін жексенбі» бағдарламасы назарларыңызға бүгін де түрлі қызықтарын ұсынбақ.

Таңғы бағдарламаның қонақтары арасында  дзюдодан Қазақстанның бес дүркін чемпионы

Зәмзәгүл Файзулланова, небәрі 8 жастағы модель, дизайнер, хореограф Аяна Мұратова және  стилист, дизайнер Дамила Жұмабек бар.

Сондай-ақ, бағдарламаға егіз қыз-жігіттер қонақ болмақ. «Әдемі-ай» тобының әншілері егіз қыздар Әсел, Әсем Тiлеубердиевалар мен «Жігіт сұлтаны» жобасының жеңімпаздары егіз жігіттерАйтуған, Күнтуған Охандар сұхбат береді.

Жоғары қабатта тұратын адамдар төменгі қабатта тұратын адамдарға қарағанда тез қартаятынын білетін бе едіңіз? Әлем бойынша Жаңа жыл 39 рет болса, соның 26-на қатысып үлгеруге болады екен.

Уақытты дұрыс пайдалану, уақыт белдеуі туралы қызықты сюжетті де  «Бүгін жексенбіден» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу