Proximity Hat – көру қабілетінен айырылған жандарға арналған бас киім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Proximity Hat – көру қабілетінен айырылған жандарға арналған бас киім

06.02.2016
Proximity Hat – көру қабілетінен айырылған жандарға арналған бас киім

Немістің Карлсруэ технологиялық институтының ғалымы Флориан Браун көзі көрмейтін адамдардың ешкімнің көмегінсіз өздігінен қозғалуыма мүмкіндік беретін арнайы бас киім ойлап тапты. Құрылғының атауы - Proximity Hat.

Мұндай құрылғы жасап шығару идеясы ғалымның ойына ертеректе келген еді.  Флориан құрылғының прототипін жасап шығарады. «Ақылды» бас киім алты ультрадыбысты модульмен жабдықталған. Олардың әрқайсысы қоршаған ортаның арақашықтығын секундына 50 рет өлшейді. Модульдің қашықтықты өлшеу қызметі сантиметрден бастап, бірнеше метрге дейін жетеді.

Сенсор жолындағы затты байқаған бетте, сол зат тұрған жақтан адамның басына әлсіз салмақ түсіреді. Затқа неғұрлым жақындаған сайын ол да салмақты ауырлата түседі. Осылайша, зағип жан «ақылды» бас киімнің арқасында бағыт-бағдарын анықтай алады.

Құрылғының артықшылығы сол, ол адамның басқа да сезу мүшелеріне (мысалы, есту жүйесі, қолын қимылдату) кедергі келтірмейді. Адам құрылғымен жүргенде де, түрлі дыбыстарды естіп, қолымен кез келген әрекет жасай алады.

Айта кету керек, Proximity Hat құрылғысын тек зағип жандар ғана емес, сондай-ақ, өрт кезінде түтіннен көрінбейтін ғимараттардың ішінде өрт сөндіру қызметіндегілердің де қолдануына болады.

Хабарламаларға жазылу