Ерекше талантты балдырғандар мен кішкентай қаһармандарды «Балапан» жүлдесіне ұсыныңыздар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше талантты балдырғандар мен кішкентай қаһармандарды «Балапан» жүлдесіне ұсыныңыздар!

24.11.2016
Ерекше талантты балдырғандар мен кішкентай қаһармандарды «Балапан»  жүлдесіне ұсыныңыздар!

«Балапан» телеарнасы талантты балалар арасында «Балапан» жүлдесі байқауын жариялайды.

Бәйгеге республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Аталмыш байқауға қатысу үшін мынадай ақпараттар қамтылуы керек:

- Үміткердің аты-жөні;

- Фотосурет (jpeg., 1000 px.);

- Марапат, Алғыс хаттар (скан.нұсқа);

- Медальдар (суреті);

- Қатысушының байланыс телефоны.

Жеңімпаздар төмендегі аталымдар бойынша анықталады:

  •  «Балапан Ғалым» (математик, ғылыми жоба, пәндік олимпиада)
  • «Балапан Талант» (әнші, биші, күйші, музыкант т.с.с.)
  •  «Балапан Шебер» (суретші, дизайнер, қолөнер шебері)
  •  «Балапан Чемпион» (спортшылар)
  • «Бала батыр » (ерлік жасаған кішкентай қаһармандар)          

Айта кетейік, талантты балалар мен кішкентай қаһармандар туралы ақпараттарды 4 желтоқсанға дейін balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолдаңыздар немесе Instagram желісінде #БалапанЖүлдесі хэштегін белгілеп, мәліметтеріңізбен бөлісулеріңізге болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу