Мұнай өндіруші мемлекеттер шұғыл мәжіліс өткізетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай өндіруші мемлекеттер шұғыл мәжіліс өткізетін болды

04.02.2016
Мұнай өндіруші мемлекеттер шұғыл мәжіліс өткізетін болды

Венесуэланың Мұнай және тау-кен өндірісінің министрі Эулохио дель Пино мұнай өндіруші елдердің ОПЕК-ке мүше елдер мен оған мүше емес мемлекеттердің бірлескен отырысын өткізу жөнінде келіскенін атап өтті, деп хабарлайды  Shana агенттігі.

Венесуэла министрі бұл мәлімдемесін Тегеранда Иранның Мұнай министрі Биджан Занганмен болған кездесуінде мәлім етті. 

«Иран мәжіліске қатысуға келісімін берді, Ресей де жиынға қатысатынын жариялап үлгерді. Иран - мен ат басын бұрған ОПЕК-ке мүше алғашқы мемлекет. Оған дейін мен ОПЕК-ке мүше емес Ресейде болдым»,-деді дель Пино.


Венесуэла министрі сонымен қатар, оның мұнай өндіруші елдермен келіссөздерінің мақсаты – әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету екендігін жеткізді.    

Ол өзінің Ираннан санкциялардың алынғанын құптайтындығын және санкциялардан соң Иран мен Каракас бір-бірімен ынтымақтастықты жалғастыратындығына үміт артатындығын айтты. 

Тегеранда болған консультациялардан соң Венесуэла министрі Дохаға аттанбақ, деп хабарлайды Риа новости агенттігі.

Хабарламаларға жазылу