Қытай азаматы Ресейге сынап құйылған термос алып өтпек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай азаматы Ресейге сынап құйылған термос алып өтпек болды

04.02.2016
 Қытай азаматы Ресейге сынап құйылған термос алып өтпек болды

Қытай азаматы Благовещенск кеден бекеті арқылы Ресейге сынап құйылған термос алып өтпек болды. Аталған жағдай бойынша,  қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Шығыс-Сібір көлік прокуратурасы.

«Қытай азаматының қалтасынан декларациядан өтпеген пішіні металл термосқа ұқсас зат  табылды. Оның ішіне улы заттар тобына жататын салмағы 51 мл болатын сынап құйылған болып шықты»,-деп нақтылады ведомство өкілдері.

Бұл әрекет бойынша, РФ ҚК 1 тармағы 226 тармақшасы бойынша (улы заттарды контрабандалу) қылмыстық іс қозғалды.  Бұл Благовещенск кеден бекітінен сынап алып өтудің алғашқы жағдайы емес. 2015 жылдың шілде айында Благовещенск тұрғыны Қытайдан Ресейге 3 келі улы зат алып өтпек болып ұсталды, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігі.  

Хабарламаларға жазылу