ҚР Қорғаныс министрлігі спорт клубының альпинистері Эверест шыңын бағындырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қорғаныс министрлігі спорт клубының альпинистері Эверест шыңын бағындырмақ

03.02.2016
ҚР Қорғаныс министрлігі спорт клубының альпинистері Эверест шыңын бағындырмақ

Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинадан келген 7 команда қатысады. Төрт елдің альпинистшілері «Биіктік» жобасы шеңберінде альпинизмнен биіктік құрама командасына кіру мүмкіндігіне бақ сынасуда, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаз мезгілінде аталмыш команда бұрынғы КСРО-ның жеті мың метрде орналасқан шыңына көтеріледі. Әрі қарай жоспарда теңіз деңгейіндегі 8 848 және 8 611 метр биіктікте орналасқан әлемнің ең биік нүктелері Эверест және К2-нің шыңына шығуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық құраманың құрамында сайысқа ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары қатысады. Бапкерлік штаб командасында альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері лейтенант Василий Пивцов. Команданың негізгі құрамына альпинизмнен 1-дәрежелі спортшы ҚР ҚК-нің қызметкері Тұрсынәли Әубәкіров кірді. Қосалқы құрамда кіші сержант Вячеслав Орлов.

Чемпионат халықаралық альпинизм фестивалі аясында өтеді және 14 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстандық құрама спортшылары ертең, яғни, 4 ақпанда шыңды бағындыруды бастайды.   Альпинистерге  «Еркін Корея», «Тәж», «Бокс», «Симагин шыңы», «Семенов-Тян-Шанскийдің шыңы», «Байлан Башы» және «Бәйшешекей» шыңына шығуға тура келеді. Бұл шыңдардың күрделілігі 5А-дан бастап 6А-ға дейінгі санатты құрайды. Яғни, орташа күрделілік дәрежесі.

Хабарламаларға жазылу