2017 жылы Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиада ойындарына дайындық қарқынды жүргізілуде. Арнайы салынып жатқан нысандар құрылысы 60-70 пайызға дайын.
Шараға 55 елден 2 мың спортшы, 30 мыңнан аса турист келеді деп жоспарланып отыр. Жарыс таңбасы басылған кәдесыйлардың да бірқатары дайын.
Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты сыйымдылығы 12 мың адамға арналған Мұз сарайында өтеді. Нысан 9 мамырда пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Алатау ауданында 5 мың спортшы мен техникалық делегаттарға арналған атлетикалық қалашық салынуда.
Дода 80 елдің телеарналары арқылы көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар нысан құрылыстарын салуда 50 мыңға жуық жұмыс орнының ашылғанын айтады. Құрылыс алаңдарында жүріп жатқан дайындық жұмыстарын «Таңшолпаннан» көріңіз.