Универсиада-2017 билеттерін сату басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2017 билеттерін сату басталды

22.10.2016
Универсиада-2017 билеттерін сату басталды

Бүгін Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай алдағы халықаралық студенттер ойындарына билеттер сатылымға шықты.

Билеттерді сатумен айналысатын ресми веб-порталдар: www.almaty2017.com, www.fisuticket.com және www.kassir.kz.

«Енді кез келген ниет білдірген адам Қазақстанның түкпір-түкпірінде немесе әлемнің кез келген жерінде Универсиада-2017 билеттерін сатып ала алады. Бүгінгі таңда тау шаңғысы, биатлон, шаңғы сайысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд, фристайл, керлинг, шорт-трек, хоккей, трамплиннен секіру және конькимен жүгіру спорты сайыстары бойынша билеттер сатылымға түсті», - деп мәлімдеді Қысқы Универсиада-2017 дайындық және оны өткізу дирекциясында.

Сонымен, Универсиада-2017 сайыстарын тамашалауға арналған билеттердің бағасы 300 теңгеден бастап 3 500 теңгеге дейін және Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған билеттер 3 мыңнан бастап 15 мың теңгеге дейін құрайды.

Алдын ала бағалау бойынша билеттерді сатудан түсетін қаржы 200 млн. теңгеге жуық болуы мүмкін. 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу