А.Айдарбаев: Маңғыстау облысында логистикамен байланысты жұмыстар жанданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Айдарбаев: Маңғыстау облысында логистикамен байланысты жұмыстар жанданып келеді

02.02.2016
А.Айдарбаев: Маңғыстау облысында логистикамен байланысты жұмыстар жанданып келеді

Оның айтуынша, Маңғыстау облысы бүгінде бұрынғыдай емес, көлік көп қатынайтын аймақтардың бірі. Елбасының елдің транзиттік және көлік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасы Маңғыстау облысында да кеңінен көрініс тауып жатыр.

«Ал, Ақтау теңіз айлағын солтүстік бағыт бойынша кеңейту өзінің алғашқы нәтижелерін көрсетіп те үлгерді. Айлақты жаңғырту жұмыстары арқылы Қазақстан Каспий маңындағы ірі айлақтарымен паромды байланыстарды арттыра түсу мүмкіндігін алып отыр. Жалпы, біз теңіз тасымалдары туралы айтқанда оны тек мұнаймен ғана байланыстырып отырған жоқпыз. Ол сонымен қатар, үлкен көлемдегі астық, құрылыс материалдары және құрғақ тауарлармен де байланысты»,-деді облыс басшысы.   

Оның сөзінше, Ақтау теңіз айлағы Қазақстанның бірыңғай көлік желісінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, қазір «Құрық» паром кешенінің құрылыс жұмыстары да белсенді  жүргізіліп жатыр. Маңызды көлік бағыттарының қатарына біздің тауарларымызды Парсы шығанағына шығаруға мүмкіндік беретін «Жезқазған-Бейнеу», «Қазақстан-Түркменстан-Иран» бағыттарын айтуға болады.

«Ақтау-Атырау» автомобиль жолдары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен шектеседі. Өз кезегінде ол қашықтық пен уақытты айтарлықтай үнемдейді. Жергілікті маңыздағы жолдарға келетін болсақ, бізде бұл мәселеде де мақтанатын жәйттер жоқ емес. 2014 жылдан бастап, жергілікті жердегі жаңа жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу ісіне көңіл бөлініп келеді. Соңғы 2 жылда бұл бағытқа 16,5 илрд теңге салынды»,-деді облыс әкімі.

Хабарламаларға жазылу