Астанада бүгін велосипедтерді жалға беретін Аstanabike жобасының кезекті маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бүгін велосипедтерді жалға беретін Аstanabike жобасының кезекті маусымы басталды

15.04.2016
Астанада бүгін  велосипедтерді жалға беретін Аstanabike жобасының кезекті маусымы басталды

«Өткен жылы велостанциялардың саны 150-ге дейін көбейтілген болатын. Ал, велопарктегі велосипедтер саны 1000-ға жетті.  Сондай-ақ, станцияларды орналастырудың барынша ыңғайлы кестесі жасалып, олар бір-бірінен 300-500 метр қашықтықта орналастырылды»,-делінген арнайы таратылған ақпараттарда.    

Жалға берілетін велосипедтерді пайдаланушылар үшін қолжетімді тарифтік жоспарлар енгізілді. Велосипедті жалға алғаны үшін ақыны интернет арқылы онлайн режимінде төлеу жүйелері енгізілді. Осы жүйелер арқылы станциялардың орналасқан жерлері мен ондағы велосипедтердің саны туралы ақпараттарды білуге болады. Ал, карточкаларды тіркеу мен рәсімдеу жұмыстарын велосипедтерді пайдаланушылар «Мега Астана» ойын-сауық орталығында орналасқан сату бөлімінде жүзеге асырады.     

Айта кетейік, өткен жылдың маусымында велосипедтерді пайдаланушылар саны 1800-ден астам адамды құрады.

   

 

Хабарламаларға жазылу