Қазақстанда халықтың 70 пайызы интернет пайдаланады – Ә. Исекешев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда халықтың 70 пайызы интернет пайдаланады – Ә. Исекешев

07.10.2014
Қазақстанда халықтың 70 пайызы интернет пайдаланады – Ә. Исекешев

Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға жетті. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Үкімет халқымыздың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта халық арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейі шамамен 63 пайызға жетіп отыр. Интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға жетті, бұл халықтың 70 пайызын құрайды», - деді Ә.Исекешев.

Министрдің айтуынша, халықты сандық телевизиямен қамту көрсеткіші 51 пайызға жетіп отыр. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткізу жоспарда бар.

«2 жылдың ішінде біз халықты сандық сандық телевизиямен қамту көрсеткішін 95 пайызға жеткіземіз», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу