Қаламгер Сайраш Әбішқызының жаңа кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламгер Сайраш Әбішқызының жаңа кітабы жарық көрді

18.10.2019

Алматыда белгілі журналист, «Құрмет» орденінің иегері Сайраш Әбішқызының «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» атты жаңа кітабы жарық көрді. 

Жинақта қазақ баспасөзі ардагерінің әр жылдары жазған өзекті мақалалары топтастырылған. Еліміздің білім беру ісінің құрметті қызметкері еңбек жолын бұрынғы «Социалистік Қазақстан» газетінен бастаған. Талай жыл білім саласының маңызды мәселелерін көтеріп, «Қазақстан мектебі» журналының 25 жыл редакторы болған. Осы уақыт аралығында оқу жүйесіне қатысты зерттеп, зерделеп жазған тақырыптары әлі күнге дейін өзекті. «Сондықтан бұл кітаптың жас мамандарға берері мол»,- дейді қаламгерлер.

Сайраш Әбішқызы, журналист, «Құрмет» орденінің иегері:

Осы қалам ұстағаныма 50 жылдан асты. Бірінші мақалам 1967-ші жылы ол кезде Семей облысы аудандық «Еңбек туы» газетіне шыққан еді. 

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу