Қазақ биiн әлемдiк деңгейде дәрiптеген Шараның iзбасарлары арамызда өте көп. Солардың бiрi – Перизат Омарбекова. «Қазақконцерт» бiрлестiгiнiң бишiсi, халықаралық «Шабыт» фестивалiнiң лауреаты, мәдениет қайраткерi.
Бишi Перизат бүгiнде қазақтың би өнерiн алыс-жақын шетелге паш етiп жүр. Осы өнер саласына келуiн ол анасының театр және кино актрисасы болғанымен байланыстырады.
«6 жасымда би үйiрмесiне жазылып, 12 жасқа толғанда Тараз қаласының «Айша Бибi» би ансамблiнiң жетекшi бишiсi атандым», дейдi өзі.
Перизат Омарбекованың «Биім менің - биік шың» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:15-те тамашалай аласыздар.