Бас сақинасы деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас сақинасы деген не?

30.01.2016
Бас сақинасы деген не?

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар.

Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс.

Бас сақинасы деген не? Түрлі жағымсыз иістердің адамға әсері қандай? Бас ауруын халықтық емдеу тәсілімен емдеуге бола ма? Бүгін 10:05-те «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу