Қазіргі таңда дәрігер мамандығын ер кісілерге қарағанда, әйелдер көбірек меңгереді. Алайда, бұрынғы кезде дәрігерлік жолды таңдау тек ер адамдарға ғана рұқсат етілген.
Ең алғашқы диплом алған әйел дәрігер Элизабет Блэквелл болған (1821-1910). Ағылшын әулетінде туған ол, 10 жасында отбасымен бірге Британ Корольдігінен көшіп кеткен. Ол мансабын Нью-Йорк қаласында, қыздарға арналған интернатта бастады. Әкесі қайтыс болған 17 жастағы Элизабет апайларымен бірге қосалқы қаржы көзі ретінде сол интернатты ұйымдастырған.
Көп уақыт бойы Блэквелл медицинаны кітаптар мен басқа дәрігерлердің көмегімен оқыған. Кейін ол жоғары оқу орнына тапсырып көрген, алайда оны қабылдаған жоқ. XIX-ғасырдың 40-жылдары Нью-Йорк пен Пенсильвания ЖОО-лары қыздарды оқуға қабылдамайтын.
Тек Нью-Йорк маңындағы Женева атты қалашықта университет әкімшілігі Элизабетті қабылдау туралы шешім шығару үшін студенттер арасында дауыс беруді ұйымдастырған. Студенттер бұны әзіл ретінде қабылдап, келісімін берген.
Элизабет өзінің курстастары арасында үздік атанды. Содан кейін, бюррократиялық бөгеттерге қарамастан, қыз дипломын да, магистр атауын да алып, жұмысқа кірісті.
1857 жылы қоғам мен билік қарсыластығына қарамастан, ол Нью-Йоркте әйелдерге арналған емхананы ашып, кейін сол жерде басқа да әйелдерді оқыта бастады. 1869 жылы Блэквелл Англияға қайта оралып, сол жерде де әйелдерге арналған Лондон Медицина мектебін ашқан.