Павлодар облысындағы «Сағып» шаруа қожалығы құрт өндірісін дамытуды қолға алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы «Сағып» шаруа қожалығы құрт өндірісін дамытуды қолға алмақ

21.01.2016
Павлодар облысындағы «Сағып» шаруа қожалығы құрт өндірісін дамытуды қолға алмақ

Павлодар қаласының «Сағып» ШҚ құрт өндірісін дамыту мақсатында 100 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке аталмыш шаруа қожалықтың иесі Төлеу Құшманова мәлім етті.

«Соңғы кездері сүт өнімдерінен дайындалатын құртқа сұраныс арта түсуде. Мәселен, жуырда ғана Мәскеу қаласында ашылған «Бауырсақ» дүкені 50 келіден астам құртқа тапсырыс берді. Бұған қоса, қытайлықтар да қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі арқылы сатып алған 12 бас ірі қараның алтауы - сауын сиыры. Сондықтан мал басын арттырып, кептіретін арнайы жабдықтар сатып алу арқылы кәсібімізді кеңейту ойымызда бар», - дейді Т. Құшманова.

Кәсіпкердің айтуынша, қыс мезгілінде кептіруге байланысты біраз қиындықтар туындағандықтан күніне 20 келі ащы және тәтті құрт шығарылады. Бұл дәмнің бір келісі – 2000 теңге. Сонымен қатар Астана қаласындағы сегіз сауда нүктесі павлодарлық ұлттық тағамдармен қамтамасыз етіледі. Еске сала кетейік, биыл өңірдегі ірі қымыз өндіруші «Сағып» шаруа қожалығы құрт өндірісін қолға алған болатын.

Хабарламаларға жазылу