Қызылордалық жырау - Алмасбек Алматов шәкірттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық жырау - Алмасбек Алматов шәкірттерімен кездесті

20.01.2016
Қызылордалық жырау - Алмасбек Алматов шәкірттерімен кездесті

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігінің баспасөз қызметі «Қоғам» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Дәстүрлі жыр өнерінің жаршысы» атты кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыкалық білім және дәстүрлі музыка кафедрасының меңгерушісі Болат Оспанов, кафедра оқытушысы Шолпан Бәйімбетова, ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Руслан Ахметов ұстаздары туралы естеліктермен бөлісті.

«2008 жылдары Алмасбек Алматовтың құжаттары осы мұрағатқа өткізілген. Бүгінде мұрағатта жеке көрмесі бар. Онда жыр-дастандары мен еңбектері қойылған. Студенттер Тұрмағанбет, Нұртуған жырларын орындап, тума талант иесіне сұрақтарын қойды»-делінген әкімдік өкілдері таратқан мәліметтерде.

Хабарламаларға жазылу