Сырнайдың бір түрі желбуаз - түркі халықтарына ортақ үрмелі аспап. Оны алғаш рет Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» оркестріне қосты. Ал, өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ықылас атындағы Халық аспаптар мұражайына жәдігер ретінде қойылады.
Соңғы екі жылда ғалымдар желбуазды терең зерттеп, мессырнай деген тағы бір атау берді.
Мессырнай малдың терісінен иленеді. Аспаптың аузын бекітетін арнайы тығыны, дыбыс шығаратын екі түтікшесі болады. Ал, мойынға асып алу үшін қайыс бау тағылады.
Қазір бұл аспаптың екі-ақ данасы бар. Бірі мұражайда болса, екіншісі «Тұран» этнофольклорлық тобының қолында. «Бұл аспаптың бір ерекшелігі – екі дыбысты қатар орындауға болады», дейді музыкант Абзал Арықбаев.
Көне музыкалық аспаптың өзге де қасиеттері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.