Шоқан Төлеш: Менен үлгі алатын жастардың бәрі – шәкіртім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқан Төлеш: Менен үлгі алатын жастардың бәрі – шәкіртім

19.01.2016
Шоқан Төлеш: Менен үлгі алатын жастардың бәрі – шәкіртім

Оның шығармашылығы бейнелеу мен сәулет өнеріндегі Батыс пен Шығыс стилінің өзіндік синтезінен тұрады. Ұлы дала аумағында көне дәуірлерде мекен еткен тайпалар мен қазіргі заманғы қазақстандықтар арасындағы рухани сабақтастық та өнер шеберінің мүсіндеріне негіз болған.

Ол - өмірінің 35 жылын мүсін өнеріне арнаған жан. Шығармашылықта батыл тәжірибе жүргізіп, өткен тарихымызды жаңаша сипаттауға қол жеткізді. Сақ, ғұн, түркі дәуірінен келе жатқан ата-баба дәстүрін қазіргі заманға сай етіп көрсетті.

Мүсіншінің «Ойшыл адам», «Айсұлу», «Қиялшыл» сияқты жұмыстары әлем жұртшылығын таңдай қақтырған.

Шоқан Төлеш - портрет жанрының да шебері. Абай, Мұқағали Мақатаев, Мұқан Төлебаев сынды дара тұлғалар оның коллекциясынан ойып орын алады. «Адамзат тарихындағы ұлы суреткерлер - менің ұстазым, ал, менен үлгі алатын жастардың бәрі – шәкіртім», дейді мүсінші.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу