Тоңазытқышты ең алғаш кім ойлап тапқанын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоңазытқышты ең алғаш кім ойлап тапқанын білесіз бе?

16.01.2016
Тоңазытқышты ең алғаш кім ойлап тапқанын білесіз бе?

Адамзат ерте заманнан астың салқын жерде көбірек сақталатынын байқаған. Олар шұңқыр қазып, ол жерге алдын-ала мұздарды сақтап қойған. Осындай амалдың арқасында тағамды жаз бойы сақтауға болатын еді. Ежелгі Персияда мұзды сақтайтын үлкен жерасты қоймалары табылған. Оларды «Якшаль» деп атаған. Ондағы мұз қабырғалардың қалыңдығы екі метрге жететін. Осыған ұқсас қоймалар ежелгі Рим мен Грецияда да болған. Олардың бір кемшілігі – үлкен еңбек пен ішкі жағдайды да қалыпты сақтауды қажет ететін. Сондықтан, ең алғаш тоңазтқыш ойлап табылғанда адамзат жаңа дәуірге, таза жеміс жидек пен басқа да тағамдардың дәуіріне қадам басты.

Ең алғаш тоңазтқыш термині 1800 жылы пайда болды. Оны Томас Мур ұсынды. Ол сыртқы ортадан бөлектелген, қоян жүнінен жасалған қорапшасын солай атады.

Тоңазтқышты шын мәнінде жасап шыққан америкалық – Оливер Эванс. Ол ең алғаш тоңазтқыш машинаның үлгісін ойлап тапты. Бірақ, ол практикалық тұрғыда іске аспады. 1834 жылы Якоб Перкинс, Эванстың үлгісін негізге ала отырып, буды қысу арқылы істейтін тоңазтқышты жасап шығып, оған патент алды. Кейінірек, 1841 жылы дәрігер Джон Горри компрессорлардың көмегімен салқындататын қазіргі тоңазтқыштардың жүйесін жасап шықты.

Бұл жаңалықтар қарапайым адамдардың күнделікті өміріне әсер ете қоймады. Олар тұрмыста бұрынғыдай алдын ала дайындалған мұзды пайдаланып жүрді. Себебі, алғашқы тоңазтқыштар өте үлкен, қымбат және қауіпті болатын. Аса қымбат емес тұрмыстық теxниканы алғаш 1873 жылы Карл фон Линдев жасауға тырысты. Бірақ, ол бұрынғыдай өте үлкен және қолайсыз еді. Қазіргі тоңазтқыштардың танымал үлгілері тек 1916 жылдан пайда бола бастады.

Хабарламаларға жазылу