ҚПЛ. Көкшетаулық «Оқжетпес» шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚПЛ. Көкшетаулық «Оқжетпес» шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен ұтты

25.04.2016
ҚПЛ. Көкшетаулық «Оқжетпес» шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен ұтты
Ойын басталысымен қарсылас қателігін күткен көкшетаулықтар бірден шабуылға шықты. Нәтижесінде Александр Чижов кездесудің 2-ші минутында есеп ашты.

Осыдан кейін таблодағы есеп еселенді. Ренат Абдуллин Бойченкоға пас берген сәтте қақпашының сылбыр қимылдағанын байқаған Жасұлан Молдақараев командасының екінші голын салды. 1-ші таймның соңына дейін Бақтияр Байсейітов шәкірттері барын салып ойнағанымен, таблодағы есеп «Оқжетпес» пайдасына жанып тұрды.

Үзілістен кейін ойын өрнегі өзгермей, 90 минуттың қорытындысы бойынша Владимир Мұханов командасы 2:0 нәтижесімен жеңіске жетті. 16 ұпайы бар Ақмола облысының ұжымы турнир кестесінде 3-ші орнын сақтап қалса, «Ордабасы» 10 ұпаймен 4-ші орнында қалды.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу