Есенәлі Асқаров – ағаштан түйін түйген шебер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есенәлі Асқаров – ағаштан түйін түйген шебер

14.01.2016
Есенәлі Асқаров – ағаштан түйін түйген шебер

Ағаштан түйін түю - қазақтың дәстүрлі қолөнерінің көнеден келе жатқан түрі. Алматылық шебер Есенәлі Асқаров қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейі бұйымдары мен тұрмыста қолданылатын басқа да заттарды ағаш түрлері мен қайыстан жасайды.

Есенәлі Асқаров қолына түскен шикізатты кәдеге жаратпай қоймайды. Сонысымен ерекше. Жалпы, дайын өнімдер шеберханада көп сақталмайды, бірден сатылып кетеді.

«Адамға алдымен шыдамдылық, ептілік керек. Сурет сала білгені жөн. Сосын, ағаш, мүйіз, қайыс, темір болсын, оны сезіне білу қажет»,-дейді шебер.

Ер тоқым, жүген, өмілдірік, қамшы сияқты ат әбзелдері таза қайыстан жасалады. Кейін ұлттық оюмен көмкеріліп, күміс әшекеймен зерленеді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу