Ағаш ыдыстардың денсаулыққа пайдасы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағаш ыдыстардың денсаулыққа пайдасы зор

13.03.2015
Ағаш ыдыстардың денсаулыққа пайдасы зор

Қуанышбек Мұратұлы – ағаштан түйін түйген шебер. Ол 3-4 жылдан бері кесе, күбі секілді ыдыс-аяқтардың сәнін келтіріп, өрнектеп жүр.

«Біріншіден, бұл заттар дымқыл ағаштан жасалады. Оның кебуі бар, станокқа салып ою, одан кейін өрнек салу – бәрін есептегенде бір апта кетеді»,-дейді шебер.

Ағаш ыдыстардың денсаулыққа пайдасы зор. Тамақтың құнарлылығын сақтап, түрлі бактерияларды жояды. Сапалы ыдысты таңдау үшін оның ағашына мән беру керек. Қайың, еменнен жасалған ағаш ыдыстар ыстық пен суық әсерінен тез сынбайды, ұзаққа шыдайды.

Кәсіпкер Салтанат Өмірәлі шеберлердің басын қосып, түрлі ыдыстарды сатылымға шығарып отыр. «Қазақ ерте кезден ағашты пайдалана білген. Ал, біз бүгінде бұл өнерді жаңғырту, халыққа ұсыну жұмысымен шұғылданып отырмыз. Ағаш ыдыстарға деген халықтың сұранысы жақсы. Әсіресе, шетелдіктер көп қызығады»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу